logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«SpeakUp» мектепішілік бағдарламасы бастау алды

18 ақпан 2026 17:25

Атыраудағы NIS-те қауіпсіз, құрметке негізделген және қолдаушы мектеп ортасын қалыптастыруға бағытталған SpeakUp мектепішілік профилактикалық бағдарламасы іске қосылды.

Бағдарламаның басты ерекшелігі – «тең-теңіне» (peer-to-peer education) форматы. Тренерлер рөлін алдын ала арнайы дайындықтан өткен 9 және 11-сынып оқушылары атқарды. Жасөспірім тренерлер 7-8-сынып оқушыларымен жұмыс жүргізіп, күрделі тақырыптарды ашық, қауіпсіз әрі түсінікті тілде талқылауға мүмкіндік берді.

SpeakUp бағдарламасы тек буллингке тікелей тап болған оқушыларға ғана емес, ең алдымен бақылаушы рөліндегі білім алушыларға бағытталған. Яғни, қорқыту мен қудалаудың куәсі болатын оқушылар жағдайды өзгертуге ықпал ете алатын маңызды тұлға ретінде қарастырылады.

Сабақтар барысында жасөспірімдер буллингтің түрлерін ажыратуды, зорлық-зомбылықтың салдарын түсінуді, эмпатияны, жауапкершілікті және сындарлы әрекет ету дағдыларын дамытуды үйренді.