logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Поэзия – жүректің үні

20 ақпан 2026 09:05

Атыраудағы NIS-те қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтің 95 жылдығына арналған «М.Мақатаевқа 95 жыл» атты әдеби-танымдық кеш жоғары деңгейде өтті.

Шараның басты мақсаты – ақынның бай мұрасын дәріптеу, жас ұрпақтың рухани дүниетанымын кеңейту және поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру. Сондай-ақ, кеш аясында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, сахна мәдениетін қалыптастыру, көшбасшылық қасиеттерін дамыту көзделген болатын.

Әдеби кешке 7-12 сынып оқушылары белсенді қатысып, түрлі шығармашылық форматта өнер көрсетті. Оқушылар Мұқағали сөзіне жазылған әндерді әсерлі орындап, ақын поэзиясынан көркемсөз оқып, сондай-ақ өмірі мен шығармашылығы негізінде сахналық қойылымдар ұсынды. Әр қойылым мазмұн тереңдігімен, сахналық мәдениетімен және креативті шешімдерімен ерекшеленді.

Кеш барысында ақын жырларындағы отансүйгіштік, махаббат, өмір мен адам тағдыры тақырыптары жаңаша қырынан ашылып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Жас зияткерлердің шынайы толғанысы мен жүректен шыққан өнері поэзияның мәңгілік құндылық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қорытынды бөлімде үздік өнер көрсеткен шаңырақтар марапатталды. «Жоғары деңгейдегі дайындығы үшін» номинациясы «Алтын адам» шаңырағына табысталса, «Ең үздік қойылым» номинациясын «Оқжетпес» шаңырағы иеленді.