Жаңалықтар
Кәсіби бағдар - болашақ мамандыққа бастау
24 ақпан 2026 16:15
Атыраудағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ оқушылары "ЗаманКвантор" ЖШС-не барды. Мұнай-газ өндіру саласында негізгі қызметін ұйымдастыратын серіктестік өлшеу, сынақ және навигация құралдары мен аспаптарын жөндеу, техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуде қызмет көрсетеді.
Зияткерлік мектептің 11 сынып оқушылары "ЗаманКвантор" кеңсесінде болып, мекеменің басым бағыттарымен танысқан соң олар өнідірістік нысанға бет алды. Мұнда олар автоматтандыру процестері, энергиямен жабдықтау, электрохимиялық қорғау, энергия ресурстарын басқару, техникалық диагностика жасау, энергетикалық сараптама және аудит жүргізу, метрологиялық қызметтер жайлы мардымды ақпараттар алды.
Болашақ мамандықты таңдау мен кәсіби бағдар беруде оқушылар сала мамандарымен тілдесіп, күрделі процесстердің қалай іске асатынын көзбен көрді.