logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

"Ақылдан адасу"

25 ақпан 2026 17:18

NIS Атырау оқушылары орыс тілі мен әдебиеті пәні апталығында А.С. Грибоедовтың "Ақылдан қайғы" ("Горе от ума") шығармасын сахналады. 9А сыныбының шәкірттері дайындаған қойылымда балалар әдеби мазмұнды нақышына келтіріп, шығармадағы кейіпкерлерге жан бітірді.

Орыс ақыны және драматургі Александр Сергеевич Грибоедовтың бұл шығармасындағы комедия, оның ең танымал туындыларының бірі. Классицизм мен XIX ғасырдың басындағы жаңа романтизм және реализм элементтерін біріктірген шығармада Александр патшалығының соңғы жылдарындағы зайырлы қоғам сипатталады. 1813-1824 жылдар аралығында өрбіген оқиғаларды көрсете білген балалар мектеп директорының орынбасары Қазбек Әзербаевтың қолынан арнаулы грамоталарға ие болып, көрермендердің ықыласына бөленді.