Жаңалықтар
Дәстүр мен дәм: «Махамбет» шаңырағының шуақты таңы
27 ақпан 2026 12:14
Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жұманың таңы ерекше мейірім мен жылылыққа толы басталды. «Махамбет» шаңырағының белсенді оқушылары мектептің игі дәстүрін жалғастырып, «Бір мақал — бір бауырсақ» атты таңғы акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты — мектеп ұжымы мен оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. Мектеп табалдырығын аттаған әрбір жан алдымен қазақтың даналыққа толы бір мақалын айтып, содан кейін ғана ыстық әрі дәмді бауырсақтан ауыз тиді.

Бұл бастама — достық пен бауырмалдықтың символына айналды. «Махамбеттіктердің» ұйымдастыруымен өткен бұл шара әрбір оқушының бойында ана тіліне деген құрметті оятып, мектеп қабырғасындағы жұма күнін нағыз рухани мерекеге айналдырды.
7G сыныбы жалғастырған дәстүрлі шара жалғасын тауып, шаңырақтың берекесі арта берсін!