logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Тәртіп пен жауапкершілік – жарқын болашақ кепілі

27 ақпан 2026 15:45

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында тәртіп сақшыларымен профилактикалық кездесу өтті.

Мектеп оқушыларымен кездесуге Атырау қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Кенжулов Нұрболат Хамитұлы мен Полиция басқармасының ҚҚБ ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Г.Қ. Әзіғалиева арнайы келді.

Кездесу барысында мамандар жасөспірімдер арасындағы жиі кездесетін құқықбұзушылықтардың түрлеріне тоқталып, олардың заң алдындағы жауапкершілігі туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Әсіресе, түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болу ережелері, буллинг пен кибербуллингтің зардаптары, сондай-ақ қоғамдық орындардағы мәдениет пен тәртіп мәселелері кеңінен талқыланды.

Мектеп оқушылары өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен тұщымды жауаптар алды. Майор Нұрболат Хамитұлы өз сөзінде зияткер оқушылардың тек білімді ғана емес, сонымен қатар заңды құрметтейтін үлгілі азамат болуы маңызды екенін атап өтті. Мұндай кездесулер жастардың қоғам және қаң алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастырып, қауіпсіз мектеп ортасын құруға үлкен септігін тигізеді.