logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Республикалық ғылыми жобалар байқауынан жүлдегер атанды

03 наурыз 2026 10:10

NIS оқушылары жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары атанған болатын.

Білім бәйгесінде асығы алшысынан түскендер тізімінде Атыраудағы NIS зияткерлері де бар. Атап айтқанда, 12-сынып оқушысы Жанерке Ерболатова (Жетекшісі Рахымжан Қосанов) «химия» секциясы бойынша, ал, 11-сынып оқушысы Ералы Қайратбекұлы – «Қолданбалы математика» секциясы бойынша (жетекшісі Сағдат Сапанов) жүлделі 3-орындарды иеленіп, мектеп абыройын асқақтатты.

Айта кету керек, бұл додада NIS қоржыны 24 алтын, 21 күміс және 21 қола медальмен толықты.Жүлдегер жас ғалымдарымызды кезекті жеңістерімен құттықтаймыз!