Жаңалықтар
WRO аймақтық кезеңіне тіркеу жалғасуда
30 наурыз 2026 16:14
WRO аймақтық іріктеу жарыстары Қазақстанның түрлі қалаларындағы NIS мектептері базасында өтеді. Қатысушылар WRO-ның барлық санаттары бойынша бақ сынайды, ал жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алады.
Ағымдағы маусымның Robots Meet Culture тақырыбы технология, мәдениет және өнерді тоғыстырып, қатысушылардың инженерлік шешімдерді креативті әрі пәнаралық тапсырмаларда қолдануына бағытталған.
WRO аймақтық кезеңіне қатысуға өтінімдер ресми сайтта қабылданады: robotics.nis.edu.kz.