Жаңалықтар
Батырхан Шеруен – республикалық олимпиаданың қола жүлдегері
01 сәуір 2026 11:15
Атыраудағы NIS оқушысы Батырхан Шеруен Астанада физика пәні бойынша өткен республикалық олимпиаданың финалдық кезеңінде топ жарып, алғашқы үштік сапынан көрініп, қола медаль иеленді.
Айта кету керек, республикалық пәндік олимпиадада түрлі бағыт бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен келген 300-ден астам оқушы бақ сынады.
Бабы мен бағы қатар шапқан зияткер оқушымыз бен оның жетекші ұстаздары Сара Шидалина мен Орынтай Хасановты кезекті білім белесін бағындыруларымен ұжым атынан құтықтаймыз!