logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Мектеп мергендері анықталды

02 сәуір 2026 13:31

Атырау қаласындағы NIS-те дене шынықтыру пәні апталығы аясында ұжым арасында мергендік, яғни мылтық ату жарысы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – ұжым арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дәлдік пен шапшаңдықты дамыту, сондай-ақ әріптестер арасындағы ынтымақтастықты арттыру болды.

Жарыс тартысты өтіп, қатысушылар өз шеберліктерін барынша көрсетуге тырысты. Нәтижесінде әйелдер арасында:

1-орынды директордың орынбасары Гүлзада Бижанқызы жеңіп алды. 2-орынды математика пәнінің ұстазы Әлия Ажигалиева иеленсе, 3-орын физика пәнінің мұғалімі Райлы Аммроваға бұйырды.

Ерлер арасында да бәсеке қыза түсті.

1-орынды Арман Нығманов иеленіп, үздік мерген екенін дәлелдеді.

2-орын Еркебұлан Туминге бұйырса, 3-орынды Еламан Ушекенов қанжығасына байлады.

Жарыс барысында ерекше көзге түскен қатысушылардың бірі – Еламан Ушекенов. Ол нысананың дәл ортасын, яғни «ондықты» мүлт жібермей көздеп, өзінің мергендігін айқын көрсетті.

Бұл жарыс ұстаздар арасында тек спорттық бәсеке ғана емес, сонымен қатар серіктестік пен бірлікті нығайтқан маңызды шара болды. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім мол.