Жаңалықтар
Аймақтық ғылыми-практикалық конференцияға шақырамыз!
06 сәуір 2026 14:15
Атырау қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Сіздерді 2026 жылдың 25 сәуірінде ұйымдастырылатын «Білім беруді трансформациялау: идеядан тәжірибеге» тақырыбындағы I аймақтық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Бұл конференция педагогикалық тәжірибе алмасу, білім беруді дамытудың заманауи тенденцияларын талқылау, инновациялық оқыту мен бағалау тәжірибесін тарату мақсатында өткізіледі.
Егер Сіз Атырау облысындағы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылық құрамы, жалпы орта білім беру ұйымдарының басшысы немесе оқытушысы болсаңыз, бұл мүмкіндік Сізге арналған!
Егер сізде бөлісер тәжірибе болса – спикер болыңыз.
Егер үйренемін, дамимын десеңіз – жәй ғана қатысыңыз. Таңдау – өз еркіңізде.
Аймақтық конференцияны ұйымдастырудың негізгі күндері:
Мақалаларды қабылдау уақыты - 16 наурыз-17сәуір аралығы;
Мақалаларға кері байланыс беру - 16 наурыздан 20 сәуірге дейін;
Beyim Ustaz платформасы арқылы тіркелу - 30 наурыздан 20 сәуірге дейін;
Конференцияның өтетін күні - 25 сәуір;
Қатысушылардың сертификаттарын тарату - 1 мамыр;
Конференция материалдарынан жинақ шығару - 15 маусым.
Конференция онлайн және офлайн режимінде өткізіледі.
Конференция мақалалары электронды ғылыми жинақ ретінде жарияланады. Қатысу үшін ұйымдастыру комитеті мақалаларды (1500 сөзге дейін: кіріспе, әдебиетке шолу, зерттеу әдістері, нәтижелер, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі) қабылдайды. Мақаланың толық мәтінін конференция жинағына енгізеді. Қатысушылардың бәріне сертификат беріледі.
Конференцияға тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/g7k6KCbkZFPZuuik8
Техникалық мәселелерді нақтылауға арналған сілтеме: https://wa.me/77022347173
Төлем жасау сілтемесі:
Баяндамашыларға арналған- https://beyim.edu.kz/catalog/services/14-403-532-26-e95428c5
Тыңдаушыларға арналған- https://beyim.edu.kz/catalog/services/14-403-533-26-f322815b
Толық ақпарат және тіркелу сілтемесі үшін @nis_atyrau парақшасының сторисіне өтіңіз!