Жаңалықтар
Шахмат жарысы сәтті өтті
07 сәуір 2026 16:20
Атыраудағы NIS-те дене шынықтыру пәні ұстазы Самат Өтегеновтің ұйымдастыруымен дене шынықтыру пәні апталығы аясында 7-8 сынып оқушылары арасында шахматтан жарыс өтті.
Сайыс оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, зейінін арттыру және салауатты бәсекелестік рух қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Жарыс қорытындысы бойынша оқ бойы озық шыққан оқушыларға жүлделі орындар берілді.