Жаңалықтар
«Ғарышқа жол Байқоңырдан басталады»
08 сәуір 2026 11:22
Атыраудағы NIS-те осындай атаумен физика және өнер әдістемелік бірлестігінің пән мұғалімдері «Алтын адам», «Алтын емел» шаңырақтарымен бірге жаңа апталықтың шымылдығын түрді.
Басты мақсат – мектеп қауымдастығы (оқушылар мен мұғалімдер) арасында физика ғылымына деген қызығушылықты арттыру, академиялық білімді тереңдету, ғарыш және физикалық құбылыстар арқылы ғылыми ойлау дағдыларын дамыту.

Ашылу салтанатында түрлі викториналар ұйымдастырылып, қатысушылар ғарыш кейіпкерлері, түрлі макеттер арқылы күн жүйесіне саяхат жасады.
Апта бойы мектеп ұжымын қызықты шаралар легі күтуде.