Жаңалықтар
Ғарыш әлемін бейнеледі
09 сәуір 2026 09:07
Атыраудағы NIS оқушылары физика апталығы аясында ерекше форматтағы шығармашылық шараға қатысып, арт-терапия арқылы ғарыш әлемін бейнеледі. Ғылым мен өнер тоғысқан бұл кездесу оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, қиял әлеміне еркін бойлауға мүмкіндік берді.

Өнер пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада қатысушылар ғарыш кеңістігін өз көзқарастары арқылы қағаз бетіне түсірді. Бірі жұлдыздар мен галактикаларды бейнелесе, енді бірі белгісіз планеталар мен болашақтың ғарыш кемелерін суреттеді. Әр туындыдан оқушылардың ішкі сезімі, ой тереңдігі мен шығармашылық еркіндігі айқын аңғарылды.