logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS оқушыларына жаңа көкжиек: авиа техниктер бағдарламасы таныстырылды

13 сәуір 2026 12:25

Атыраудағы NIS қабырғасында болашақ мамандықты таңдауға бағытталған ерекше кездесу өтті. Air Astana компаниясының авиация саласындағы тәжірибелі инженерлері арнайы келіп, оқушыларға өздерінің кәсіби жолы мен сала ерекшеліктері туралы кеңінен әңгімеледі.

Кездесуге 9-12 сыныптардан шамамен 60-қа жуық оқушы қатысып, авиация әлемінің қыр-сырына қанықты. Инженерлер «Apprentice» авиа техник бағдарламасы туралы жан-жақты ақпарат беріп, бұл бағытқа қызығушылық танытқан жастарға үлкен мүмкіндік бар екенін атап өтті. Бағдарлама арқылы оқушылар нақты тәжірибе жинақтап, болашақта авиация саласында табысты мансап құруға алғашқы қадам жасай алады.

Шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі пайдалы жауаптар алды.

Осындай мазмұнды кездесулер оқушылардың көкжиектерін кеңейтіп, армандарын нақты мақсатқа айналдыруға шабыт береді.