Жаңалықтар
«NIS Project Fest – 2026» халықаралық жобалау-зерттеу жұмыстарының байқауы мәресіне жетті
14 сәуір 2026 12:32
Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәстүрлі «NIS Project Fest – 2026» халықаралық жобалау-зерттеу жұмыстарының байқауы мәресіне жетті. Бұл бірегей шара жас ғалымдар мен өнертапқыштардың басын қосып, олардың ғылыми әлеуетін ашуға бағытталған.
Биылғы жылы байқауға Атырау қаласының маңдайалды мектептерінен ең талантты оқушылар жиналды. Жалпы алғанда, түрлі бағыттар бойынша 50-ден астам ғылыми жоба сарапқа салынды. Шараның басты мақсаты — оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру, жас өнертапқыштардың тың идеяларын қолдау және озық тәжірибе алмасу үшін алаң құру. Екі күнге созылған ауқымды дода барысында жас ғалымдар өздерінің зерттеулерін қорғап, сарапшылар алдында жобаларының маңыздылығын дәлелдеді.
Қатысушылардың жұмыстары ауқымды және маңызды тақырыптарды қамтыды. Байқауда ерекше ғылыми бастамалар мен инновациялық шешімдер ұсынылды. Салтанатты жабылу рәсімінде ең үздік деп танылған бір топ оқушы жүлдегер атанып, өз білім ордаларының абыройын асқақтатты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, олардың жұмыстары жоғары бағаланды.