Жаңалықтар
Ағылшын апталығы: сиқырлы атмосфера мен қызықты сайыстар
16 сәуір 2026 14:15
Атыраудағы NIS-те ағылшын апталығы ерекше әрі қызық форматта жалғасуда. Апталқ аясында «Чемпиондар кубогы» сайысы мен «Сиқырлы үзіліс» челлендж-викторинасы ұйымдастырылып, оқушылар белсенді қатысты.
«Чемпиондар кубогы» сайысы Harry Potter желісімен өтті. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірнеше кезең бойынша білімдерін сынады. Сұрақтар мен тапсырмалар ағылшын тілін білу деңгейін тексеріп қана қоймай, логикалық ойлау мен жылдамдықты да талап етті. Әр кезең қызықты әрі тартысты өтті.
Ал «Сиқырлы үзіліс» челленджі үзіліс уақытында өткізілді. Викторина форматында өткен бұл ойын оқушылардың көңілін көтеріп, ағылшын тілінде тез әрі дұрыс жауап беруге үйретті.
Жалпы, апталықтың басты мақсаты – ағылшын тілін қызықты форматта үйрету.
Мұндай шаралар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, белсенділігін күшейтеді.