Жаңалықтар
Арнайы грамота иегері атанды
17 сәуір 2026 14:41
Шымкент қаласында құқықтану негіздері, орыс тілі мен әдебиеті, сондай-ақ қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәндері бойынша республикалық олимпиада өтті.
Аталған білім сайысында Атырау қаласындағы NIS-тің 10-сынып оқушысы Альазиза Лукпанова құқық негіздері пәні бойынша ерекше жетістігі үшін арнайы грамотаға ие болды.
Бұл марапат – оқушының білімге деген ұмтылысы мен пәнге деген терең қызығушылығының нәтижесі. Альазизаның көрсеткен жоғары деңгейдегі білімі республикалық деңгейде лайықты бағаланды.
Жеңімпаз оқушы мен оның ұстазы Гүлбану Ислямгалиеваны шын жүректен құттықтаймыз.