Жаңалықтар
Кітап – рухани құндылық кілті
14 мамыр 2026 10:00
Атыраудағы NIS-те ұжым мүшелері арасында кітап алмасу шарасы ұйымдастырылды. Тағылымы мол дәстүрлі дағдының мақсаты – кітап оқу мәдениетін дәріптеу, рухани құндылықтарды насихаттау және әріптестер арасындағы ізгі қарым-қатынасты нығайту.
Шара барысында қатысушылар бір-біріне өз жүрегіне жақын сан түрлі жанрдағы кітаптарын сыйлап, жылы тілектерімен бөлісті. Бұл игі үрдіс кітаптың адам жанын байытып, ой көкжиегін кеңейтетін ерекше құндылық екенін тағы бір мәрте айқындай түскендей.