logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жүлделі орын – ұжым мерейі

16 маусым 2026 16:16

Орал қаласында өткен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалдарының педагогтері мен қызметкерлері арасындағы желілік спартакиадада Атыраудағы NIS құрамасы арқан тартудан жүлделі 2-орын алып, ұжымға қуаныш сыйлады.

Спорттың барлық түрінде де Атыраудағы NIS құрамасы лайықты өнер көрсетуге тырысты. Әсіресе, ұстаз Жанна Агашинаның алшысы шахмат ойынында алшысынан түсіп, бес қарсыластың төртеуін жеңіп, ерекше көзге түсті.

Аталған дода оқу жылының әдемі қорытындысы ретінде құнды. Әрі, әріптестік қарым-қатынас пен командалық рухты нығайтуға бағытталғаны сөзсіз. Осы додада шынайы, лайықты жарыс көрсеткен команда мүшелеріне алғыс айта отырып, жеңіс тұғырынан түспеуін тілейміз.