Жаңалықтар
Республикалық додада топ жарды
24 маусым 2029 12:14
Атыраудағы NIS оқушылары республикалық World Robot Olympiad 2026 робототехника олимпиадасында үздіктер қатарынан көрініп, халықаралық жарысқа жолдама алды.
Алматыда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі World Robot Olympiad 2026 робототехника олимпиадасының республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша Атыраудағы NIS-тің «Zhas Qan» командасы - Robo Sport санатында 2-орын алды. Команда құрамында Альтаир Кушалиев, Алдияр Асқарұлы бар.
Сондай-ақ, «Veritas_tech» командасы да Future Innovators Junior санаты бойынша 2-орын алды. Команда құрамында Дәулет Өтеген, Абзал Амантай бар.
– Біздің жобамыз музейлер мен мәдени кеңістіктерді заманауи робототехника және генеративті жасанды интеллект көмегімен жаңғыртуға бағытталған. Жобаның атауы — AiZere. Бұл атау заманауи технологияларды (AI) және қазақтың бай мәдени мұрасын үйлестіру идеясын білдіреді. Біздің мақсатымыз — Edge AI және робототехникалық шешімдер арқылы классикалық музей экспонаттарына «жан бітіріп», тарихты жаңа буын үшін интерактивті, қолжетімді әрі қызықты ету.
Біздің команда аппараттық (Hardware) және бағдарламалық (Software) шешімдерді тиімді үйлестіре білді. Нәтижесінде біз жай ғана аудиожазбаны ойнататын емес, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде толыққанды контекстік диалог жүргізе алатын интерактивті робот-гид жасадық, – дейді жас робототехниктер.
Қос команда да 25-27 қыркүйекте Индияда өтетін ұлттық WRO жарысына қатысуға мүмкіндік беретін арнайы квотаны жеңіп алды. Екі команданың да
Жетекшісі – Өржанов Нұрлан Магзомұлы. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!