Жаңалықтар
Арманға қанат қаққан күн
01 қыркүйек 2026 11:20
Жаңа оқу жылының алғашқы күні – әр шәкірттің жүрегіне жаңа үміт ұялататын, білім жолындағы жаңа белестерге бастайтын ерекше сәт. Биыл Атыраудағы NIS-тің табалдырығын алғаш аттаған 160 жетінші сынып оқушысы үшін жаңа өмір сатысы дәл осы күннен бастау алды.
Салтанатты жиында жас өрендерге ақжолтай тілек айтылып, мектеп директоры Ерали Бижанов арманға қанат қаққан шәкірттерге жігер берді. Білім мен ізденісті серік еткен үздік оқушылардың жетістігі де ерекше аталып, олардың еңбегі кейінгі буынға үлгі етілді.
Ал жиынның ең әсерлі сәттерінің бірі – барлық 7-сынып оқушыларына NIS төсбелгісін тағу рәсімі еді. Мектептің үздік оқушылары жаңадан қабылданған жетінші сынып оқушыларының кеудесіне NIS белгісін тағып, оларға білім ордасының дәстүрі мен биік мұратын аманат етті.
Үздіктердің жолын жалғап, ұстаз үмітін ақтап, білім биіктерін бағындыру – бүгінгі жас шәкірттердің ендігі асыл мұраты.ғашқы қоңырау үнімен басталған жаңа оқу жылы әр оқушыны жаңа арманға жетелеп, әр қадамы жеңіске бастасын!