logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Кәсіби ізденістің жаңа алаңы

07 қыркүйек 2026 14:15

Жаңа оқу жылында Атыраудағы NIS-те педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған «Academic Reading Club» оқырмандар клубы өз жұмысын бастады. Жаңа қауымдастықтың таныстырылымы өтіп, оның мақсаты мен жұмыс бағыты мектеп ұжымына таныстырылды.

Клубтың негізгі көздегені – педагогикалық зерттеулерді бірге оқу, талқылау және алынған білімді тәжірибеде қолдану арқылы оқыту сапасын арттыру. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін Жадыра Боранбаева мен Алтынай Қаратаева клуб үйлестірушілері болып бекітілді.

Зерттеуге қызығушылық танытып, кәсіби тұрғыда дамуға ұмтылатын ұстаздарды Academic Reading Club қауымдастығына қосылуға шақырамыз!