logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Тарихты ойын арқылы танытқан жоба

09 қыркүйек 2026 09:48

Атыраудағы NIS-тің Тлеуқабыл Нұрай «Ұлттық Тарих Күні» республикалық байқауына «Ұлы Дала Құрылтайы» атты тарихи үстел ойынымен қатысып, 300-ден астам қатысушының арасынан көрме секциясының жоғары дивизионы бойынша І орын иеленді. Жеңімпазға Ыстамбұлға жолдама табысталды.

«Ұлы Дала Құрылтайы» ойыны қазақ тарихындағы құрылтайлардың маңызы мен тарихи үдерістерді интерактивті түрде түсіндіруге бағытталған. Жоба қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, өзінің тарихи мазмұны мен тың тәсілі арқылы ерекшеленді.

Жеңімпаз оқушыны және оның жетекшісі Қазақстан тарихы пәнінің ұстазы Тулешова Айтолқын Байжанқызын жетістіктерімен құттықтаймыз!