logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«NIS RUN – 2026»: бірлікке бастаған жаңа дәстүр

14 қыркүйек 2026 14:12

Отбасы күніне орай NIS қауымдастығын ортақ мақсатқа жұмылдарған алғашқы желілік отбасылық «NIS RUN 2026» марафоны Атыраудағы NiS-те де сәтті өтті.

Марафонға 350-ден астам оқушы, ата-ана, мектеп қызметкері және олардың отбасы мүшелері қатысып, 1, 3 және 5 шақырымдық қашықтықтарды жеке және отбасылық форматта еңсерді.

Жарыстың ең кішкентай қатысушысы 3 жаста болса, ең үлкен қатысушысы – мектебіміз оқушысының 65 жастағы әжесі. Түрлі жастағы қатысушылардың бір сапта жүгіруі спорттың шекарасы жоқ екенін, белсенді өмір салтының баршаға ортақ құндылық екенін айшықтай түсті.