Жаңалықтар
«Қызықты кітапхана әлемі»
15 қыркүйек 2026 14:12
Жаңа оқу жылының басталуына орай мектебімізге жаңадан қабылданған 7-сынып оқушылары үшін арнайы сабақ-экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқушылар кітапхананың тыныс-тіршілігімен, жұмыс бағыттарымен және жүзеге асырылып жатқан қызықты жобалармен танысты. Сонымен қатар, кітапхана қорын тиімді пайдалану жолдары, электронды ресурстар мен цифрлық мүмкіндіктер туралы ақпарат алды.
Оқушылар кітапхана кеңістігін аралап, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, кітап әлемінің жаңа қырларымен танысты.
Басты мақсатымыз – жаңа буын оқушыларына кітапхананы тек кітап алатын орын емес, білім, ізденіс, шығармашылық және жаңа мүмкіндіктер кеңістігі ретінде таныту.