Жаңалықтар
Алаңдағы тартыс – шымырлық пен командалық рухтың көрінісі
21 қыркүйек 2026 10:10
Атыраудағы NIS ұйымдастыруымен 9-11-сынып оқушылары арасында футболдан Ұлттық мектеп лигасының аумақтық біріншілігі өтті.
Спорттық додаға БИЛ, Ұлттық гимназия, «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицейі және NIS командалары қатысып, аяқдоп додасында өзара бақ сынасты.
Жарыс барысында жас спортшылар шеберліктерін шыңдап, жылдамдық пен дәлдікті, төзімділік пен командалық үйлесімділікті таныта білді.
Мұндай жарыстар жасөспірімдерді белсенді өмір салтына баулып, денсаулықты нығайтуға, дене шынықтыру мәдениетін қалыптастыруға және спортқа деген қызығушылықты арттыруға жол ашары сөзсіз.