Жаңалықтар
«Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер»
22 қыркүйек 2026 08:45
Мектебімізде «Қайрат», «Қаршыға», «Фариза» шаңырақтарының 9-сынып оқушылары арасында мақал-мәтелдердің мән-мағынасын терең түсінуге бағытталған дәстүрлі интеллектуалдық сайыс өтті.
Мұнда оқушылар мақал-мәтелдердің мағынасын ашып, оларды күнделікті өмірмен байланыстырып, білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.


Сайыс қорытындысы бойынша өзгелерден оқ бойы оза шапқан «Білім» тобы I орынға ие болды.
Ұлттық мұраны дәріптеген тағылымды сайыс оқушылардың ойлау қабілеті мен тілдік қорын дамытуға ықпал етері сөзсіз.