Жаңалықтар
Жаңа жетістіктер – жаңа белестер
23 қыркүйек 2026 16:14
Атыраудағы NIS-те дәстүрлі үздіктерді марапаттау шарасы жалғасады. Жаңа оқу жылының алғашқы марапаттау рәсімінде оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі жетістіктері атап өтілді.
Марапат иеленіп, мереййі тасыған оқушылар қатарында «Learn with Bilim» байқауының финалистері, Алматы қаласында өткен National Robotix Olympiad байқауының ІІ орын, сондай-ақ, Ұлттық тарих күніне орай ұйымдастырылған республикалық жарыстың І орын жүлдегері бар.
Сонымен қатар, халықаралық білім беру бағдарламасына қатысып, STEAM International Study Program бағдарламасын жоғары жетістікпен аяқтаған оқушы да ерекше еленді.
Әлеуметтік және мәдени-ағартушылық бағыттағы жобаларға да оқушылар белсенді атсалысты. «Жолашар» қоғамдық қоры @zholashar.fund ұйымдастырған іс-шараларға қатысып, шеберлік сабақтарын өткізуге үлес қосқан оқушыларға Алғыс хаттар табысталды.
Ғылыми бағыттағы жетістіктер де ерекше аталып өтті. Румынияның Бухарест қаласында өткен VIII NEXT-Chem Exploratory Workshop халықаралық ғылыми семинарында ұсынылған ғылыми жобалар Europa Award марапатына ие болды. Сонымен қатар, Annual Avogadro Exam емтиханындағы жоғары нәтижелері үшін оқушыларға Certificate of Distinction 2026 сертификаттары табысталды.
Спорттық бағытта да жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар бар. Қазақстан оқушыларының шахматтан ХІІІ жазғы жарысының облыстық кезеңінде І және ІІ орын алған оқушылар арнайы марапатқа ие болды.
Мектеп директоры оқушыларға арнайы дипломдар мен марапаттарын табыстап, білім мен ғылым жолындағы ізденістерінің жемісті болуына тілектестік білдірді. Бұл жетістіктер – оқушылардың білімге деген құштарлығы мен табанды еңбегінің, жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білетінінің айқын көрінісі.