logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«NIS LIFE» — достық пен бірлікті нығайтқан шара

29 қыркүйек 2026 14:15

Атыраудағы NIS жанындағы жатақханада мектепке жаңа қадам басқан 7-сынып оқушыларының ортаға бейімделуіне, өзара қарым-қатынасын нығайтуға және сенімді атмосфера қалыптастыруға бағытталған танымдық көңілді спорттық кеш ұйымдастырылды.

Топ тәрбиешілерінің бастамасымен өткен шара барысында оқушылар түрлі командалық тапсырмалар орындап, бір-біріне қолдау көрсету, ортақ мақсатқа ұмтылу, командалық рух пен достық қарым-қатынастың маңызын сезінді.

Іс-шараның басты мақсаты — жаңа ортаға енді қадам басқан оқушыларды бір арнаға біріктіріп, олардың арасында өзара сыйластық пен сенімге негізделген жылы қарым-қатынас қалыптастыру.

Шара соңында қатысушыларға жылы тілектер айтылып, тәтті сыйлықтар табысталды.