Жаңалықтар
«Алты алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі»
05 қазан 2026 09:45
Ұлт зиялысы Мағжан Жұмабаев ұстаз ұлағатының ұлт тағдырындағы орны мен қадірін осыдан бірер ғасыр бұрын дәл осы бір ауыз сөзімен орнықтырып, нақтылап, ұғындырып кеткен еді. Расымен де, дәуірлер алмасып, заманның бет-бейнесі өзгеріп, білімнің көкжиегі кеңейгенімен, ұстаздың қоғамдағы орны еш аласарған емес.
Мерейлі мейрамға орай Атыраудағы NIS ұстаздары да құрметке бөленді. Бірқатары арнайы марапаттарға ие болды. Әсем ән, көркем би, ерекше концерттік бағдарлама оларға көтеріңкі мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ал, кешті көрікті еткен Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры әртістерінің ұстаз туралы арнайы қойылымы ұжымға ата-аналар атынан ең ерекше тарту болды.
Ұстаз – бүгінгі күннің ғана емес, келешектің де шамшырағы. Ұстаз – бір күндік сабақтың емес, тұтас ғұмырдың жолсерігі. Ал, оның әр айтқан сөзі шәкірт үшін мәңгілік тұсбағдар.