Жаңалықтар
Адина Дүйсен - мектеп парламентінің жаңа президенті
09 қазан 2026 16:14
Атыраудағы NIS-те мектеп Президентін сайлау мақсатындағы дауыс беру науқаны сәтті аяқталды.
Дауыс беру нәтижесі мынадай:
«Зияткер» партиясының үздік кандидаты Альазиза Лұқпанова сайлаушылардың 42,8 пайыз дауысын, яғни 329 дауыс жинаса, «Жарқын» партиясының үздік кандидаты Адина Дүйсен 45,4 пайыз, яғни, 349 дауыс жинады.
Сонымен, нәтиже бойынша “Жарқын” партиясының төрағасы Адина Дүйсен жеңімпаз атанды.
Жеңімпазды құттықтай отырып, белсенділік танытқан мектеп қауымдастығына алғыс білдіреміз!