logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Білім мен жаңалыққа толы саяхат

09 қазан 2026 17:16

Атыраудағы NIS-те жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Зияткерлік мектепке арнайы келген жас қонақтар білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысып, ғылым мен шығармашылық тоғысқан ерекше атмосфераны сезінді.

Экскурсия барысында оқушылар заманауи оқу кабинеттерін аралап, түрлі пәндер бойынша қызықты ғылыми эксперименттерге куә болды.

Сонымен қатар, мектептегі сан алуан үйірмелердің жұмысымен танысып, оқушылардың шығармашылық, зияткерлік және спорттық бағытта дамуына жасалған игі мүмкіндіктерді тамашалады.

Бұл экскурсия жай ғана мектеппен танысу емес, жас жеткіншектердің білімге деген құштарлығын арттырып, жаңа мақсаттарға қанаттандырған тағылымды шара болды.