logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Сөз маржаны – халық даналығының қазынасы

12 қазан 2026 10:12

Атыраудағы NIS-те «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер» жобасы аясында 8 «В» сынып оқушылары арасында «Сөз маржаны» атты танымдық сайыс өтті.

Құрманғазының «Балбырауын» күйімен шымылдығы түрілген шарада жас зияткерлер тапқырлық пен шешендіктен сынға түсті.

Оқушылар «Мақал-мәтелдің жалғасын тап», «Полиглот», «Еңбегің болмаса, елге өкпелеме» және «Kahoot» кезеңдерінде бақ сынап, асыл сөзді қаншалықты меңгергендерін көрсетті. Мақал-мәтелдерді үш тілде сөйлетіп, білімдері мен тілдік шеберліктерін танытты.

Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған тағылымды сайыс жас ұрпақтың сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, атадан қалған асыл мұраның қадірін ұғындырды.