logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Жаһандық азаматтық: әлемге ортақ құндылықтар мен жауапкершілік»

04 ақпан 2025 13:33

Осындай атаумен жуырда Атыраудағы NIS-тің 7 «D» сыныбында танымдық сабақ ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – оқушыларға жаһандық азаматтық ұғымын түсіндіріп, олардың әлемдік мәселелерге деген жауапкершілігін арттыру.

Ерекше сабақ барысында оқушылар әлемдегі ортақ құндылықтар мен азаматтық жауапкершілік туралы білімдерін кеңейтіп, пікір алмасты. Интерактивті талқылаулар, шағын топтық жұмыс және шығармашылық тапсырмалар арқылы балалар жаһандық мәселелерді шешуде өздерінің рөлін түсінуге мүмкіндік алды.