Жаңалықтар
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жүздесу
07 ақпан 2025 11:11
Атыраудағы NIS-те «Ecominds» клубының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында Ақжайық резерватының экологиялық ағарту және туризм бөлімі мамандарымен кездесу өтті.
Кездесуде мамандар аталған акциясының мақсатын түсіндіріп, жергілікті экологиялық мәселелер жайлы айтты. Белсенді оқушылар Данелия Үмбетәлиева мен Дәулет Амангелді тақырыпқа сай өз тың жобаларымен бөлісті.
Шара соңында мектеп оранжереясында Атырау климатына бейімделген ағаш тұқымдарын егу бойынша шеберлік сыныбы өтті.