Жаңалықтар
Сан түрлі түйткілдер – TED'х талқылауында
08 ақпан 2025 08:33
Атыраудағы NIS-тің 9-11 сынып оқушылары арасында TED'x форматындағы кезекті конференция өткізілді.
Басты мақсат – қоғамға әсер ететін өзекті тақырыптарға арналған баяндамалар арқылы идеялар алмасуға, шабыттануға және оқуға мүмкіндік беретін алаң құру.
6 спикер түрлі тың тақырыптарда еркін сөз өрбітті. Шара барысында олар
өз жеке тәжірибелерімен астасқан сан алуан идеяларын алға тарта отырып, орамды ой, өрнекті сөз өнерін көрсете білді.
Бұл жиын бастысы әр қатысушы үшін үлкен тәжірибе алаңы болғаны сөзсіз. Олар көпшілік алдында емін-еркін сөйлеп, идеяларын нық жеткізу дағдыларын дамытып қана қоймай, өзге оқушыларға да ерекше ой салып, шабыт бере білді.