logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Берік отбасы» жобасы жалғасуда

08 ақпан 2025 09:12

Бұл жолғы басты кейіпкерлер – қазақ сыныбының оқушылары мен ата-аналары.

12 ата-ана алдағы 6 апта бойы отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жанұядағы келіспеушіліктерді шешу және өзара ықпалдастықты жақсарту бойынша курс тренерлерінен әдістемелік қолдау алмақ.

Өткен сессияға арқау болған тақырып - «сүйіспеншілік және шектеу». Атау аясында баланың бойында болуға тиісті қасиеттер жіктеліп, сараланып, ойталқыға түсті. Арнайы бейнежазба арқылы да қатысушылар тәрбие беру тақырыбына терең бойлап, орамды ой түйді.

Қызықты дәрістер легі алдағы уақытта да жалғасын таппақ.