logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Дәстүрлі жоба жүйелі жалғасуда

08 ақпан 2025 13:13

Атыраудағы NIS-те «Фариза» шаңырағының 11-сынып оқушылары «Қоғамға қызмет» жобасы аясында Атырау облыстық оңалту орталығына барды.

Белсенді шәкірттеріміз орталық балаларымен бірге сан түрлі құралдарды пайдалана отырып біраз жұмыс жасады. Балалардың шығармашылыққа бейімдігін байқап, дән разы болған оқушылар кішкентай достарына қылқалам, түрлі-түсті бояу қарындаштар және түрлі пішіндегі ойыншықтар тарту етіп, бала көңілдерін қуанта білді.

Сондай-ақ, балалармен бірге дайын суреттерді бояп, алдын-ала дайындалған сергіту ойындарын ойнап, көңілді әуенге би биледі. Орталық балалары бір сәт сергіп, ерекше көңіл-күйге бөленді.