logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«СпортLand»: кіл жүйріктен кім жүйрік?

09 ақпан 2025 14:15

Атыраудағы NIS-тің 10-сынып оқушылары арасында “СпортLand” интеллектуалды-спорттық додасы сәтті өтті.

Сыртқы жиынтық бағалау алдында оқушыларды сергітіп, достық қарым-қатынасты нығайтуды, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттауды мақсат еткен шараға спорттты серік еткен белсенді оқушылар қатысып, бақ сынап, түрлі кезең бойынша әділ де тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Нәтижесінде, 10 “С” сыныбы жүлделі 1-орынды иеленсе, 10 “D” және 10 “Е” сыныптары – 2-ші, сондай-ақ, 10 “В” және 10 “А” сыныптары 3-орынды өзара бөлісіп, қанжығаға бөкті.

Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!