Жаңалықтар
«Қазақ поэзиясының мұзбалағы»
11 ақпан 2025 16:21
Осындай атаумен Атыраудағы NIS-те «Махамбет» шаңырағының 8-сынып оқушылары ұйымдастыруымен ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттауға бағытталған ашық сабақ өткізілді.
Қазақтың мұзбалақ ақыны атанған ақынның өмір жолы мен шығармашылығымен таныстырып, поэзия құдіретіне бойлауды мақсат еткен шара қатысушылары ең алдымен ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін оятты.
Шара барысында ақиық ақынның өмірі, шығарашылығы туралы мәлімет берілді. Ата-аналар өз балаларымен бірге, сондай-ақ, оқушылардың туған бауырлары да сахнада Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Мұқағали және біз» атты көрініс қойылып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді көрсетілді.
Бір ерекшелігі, бұл кеште 8-сыныптың барлық оқушысы өнер көрсетті. Бірі Мұқағали сөзіне жазылған әндерді орындаса, енді бірі өлеңін мәнерлеп оқып, енді бірі көріністе әртістік қабілетін танытып, белсене атсалысты.
Рухани кештен оқушылар мен мен ата-аналар риза болып тарқасты.