Жаңалықтар
Мониторингтік зерттеу жұмыстары жүргізілді
12 ақпан 2025 14:19
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы NIS-Programme бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларын енгізу процесіне мониторингтік зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Аталған мониторинг Атыраудағы NIS-те де сәтті атқарылды. Жауапты мамандар сабақтарды жоспарлы бақылау үшін құрылған жұмыс тобымен бірге түрлі сабақтарға қатысты. Сондай-ақ, зерттеу барысында тиісті пәндер бойынша ұстаздарға арналған оқыту тренингтері ұйымдастырылды.