logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Тәжірибе тарату қызметі сәтті жүзеге асуда

13 ақпан 2025 10:12

«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы аясында Атыраудағы NIS ұстаздары Махамбет ауданындағы Дүйсенғали Төленов атындағы жалпы білім беретін қазақ орта мектебіне барып, тың тәжірибе таратты.

NIS ұстаздары қалыптасқан дағды бойынша алдымен түрлі пән мұғалімдері өткізген сабақтарға қатысып, осы сабақтар бойынша кері байланыс беріп, әлсіз немесе мықты тұстарын ашық талқылады.

Сондай-ақ, қажетті әдіс-тәсілдерді ұсынып, кең мағлұмат беріп, біліктіліктерімен бөлісті. Сабақ барысын одан әрі жетілдіру жолдары да талқыланды.

Мұндай сапар әсіресе шалғайдағы ауыл мектептерінің ұстаздары үшін үлкен олжа екендігі сөзсіз. Қос тарапқа да пайдасы зор шара әрі қарай да жалғасын таппақ.