logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Әдістемелік топ мүшелері Доссорда

14 ақпан 2025 11:25

«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы аясында Атыраудағы NIS ұстаздарынан құрылған тәжірибе тарату тобы Мақат ауданы, Доссор ауылындағы Ораз Сарғұнанов атындағы орта мектепке арнайы ат басын бұрды.

Ұстаздар іс-сапар барысында қазыналы білімдерімен, тың тәжірибелерімен бөлісіп, ауыл ұстаздарымен ерекше ынтымаққа негізделген іскерлік байланыс орнатып келді.

Алдымен түрлі пән мұғалімдері сабақтарға қатысып, екінші кезеңде осы сабақтар бойынша кері байланыс берді. Анығында, өткізілген сабақ барысының әлсіз немесе мықты тұстары ашық айтылып, талқыланып, дәрісті одан әрі жетілдіру, жоспарын құру, бағалау жолдары көрсетіліп, оңтайлы сабақ өктізудің әдіс-тәсілдері кеңінен қарастырылды.