Жаңалықтар
Үйірмелер апталығы басталды
17 ақпан 2025 17:25
Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қосымша білім беру педагогтарының, үйірмелер мен секциялар жетекшілерінің кәсіби даму апталығы басталды.
Апта бойы мектептің драма және көлеңкелер театры жетекшісі, хореография, вокал және хор, домбыра мен медиа-студия ұстаздары оқушыларға тәрбие жұмысының озық үлгілерін көрсетпек. Атап айтқанда балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту, ұстаздар арасында тәжірибе алмасу, кәсіби біліктілік пен дағдыларды шыңдау бойынша бірқатар іс шаралар апталық аясында жоспарланып отыр.