logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Scholars’ War: интеллектуалдық сайыс сәтті өтті

18 ақпан 2025 09:02

Атыраудағы NIS-те Scholars’ War (Мектептер шайқасы) интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылды. Оған 6 мектептен келген білімді оқушылар қатысты.

Қатысушыларға түрлі математикалық және логикалық есептер берілді. Ал, сайыс идеясы мен тапсырмалар үлгісін ұйымдастырушы зияткер оқушылар “University War” кәріс телешоуынан алғандығын айтты.

Қызу таласқа толы сайыс қорытындысында Атыраудағы NIS оқушылары жүлделі 1, Д.Қонаев атындағы BINOM мектеп-лицейі – 2, ал, Әл-Фараби атындағы BINOM мектеп-лицейі 3-орын иеленді.

Жеңімпаз командаларды құттықтаймыз!