logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Апталық аясында ұстаздар домбыра үйреніп, куизге қатысты

19 ақпан 2025 17:25

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қосымша білім беру педагогтарының кәсіби даму апталығы аясында ұстаздар домбыра үйреніп, media quiz-ге қатысты.

Домбыра үйірмесінің жетекшісі Әнуар Зинеден ұстаздар мен оқушылар арасында тәжірибе алмасу сабағын өткізіп, күй тартудың негізгі амалдарын таныстырды.

Ал медиа студия жетекшісі Ануар Манарбекұлы пән мұғалімдері үшін media quiz өткізді. Мұнда ұстаздар журналистика және БАҚ, киноматография, шешендік өнер, әдебиет пен мәдениетке қатысты түрлі сұрақтардың жауабын табудан сынға түсті. Медиа-куиз қорытындысы бойынша үздік үштікке оқу әдіскері Жұлдыз Әсетқызы, биология пәні мұғалімі Дина Мұратова мен жаһандық құзыреттіліктер пәнінің мұғалімі Жадыра Боранбаевалар жеңіске жетті.