logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Классикалық музыка әлемінің ғажайыптары

20 ақпан 2025 11:21

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қосымша білім беру педагогтері мен үйірме жетекшілерінің кәсіби даму апталығы аясында кезекті кездесу ұйымдастырылды.

Бұл жолы музыка пәнінің мұғалімі Жанасыл Төлеуова Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясының концертмейстері Ляззат Кенжегаринамен кездесу өткізді. Оқушылар мектеп мейманың шығармашылық жолымен танысып, оның мәдениет саласындағы еңбектеріне тәнті болды. Концертмейстер балаларға фортепианоның сиқырлы үнін жеткізіп, аталған музыкалық аспапта ойнаудан шеберлік сағатын ұсынды.

Оқушылар классикалық музыка әлемінің танымал туындыларын жанды дауыста тыңдап, мектеп мейманымен керемет әңгіменің куәгерлері болды.