logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Сармат» оқушылары NIS медиа студиясының тәжірибесімен танысты

21 ақпан 2025 13:32

Зияткерлік мектепте қосымша білім беру педагогтарының кәсіби даму апталығы аясында Атырау облыстық білім беру басқрмасына қарасты «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының бір топ оқушыларына NIS медиа студиясының тәжірибесі таныстырылды.

Заманауи ақпараттық платформалар мен электронды цифрлық құрал-жабықтарды пайдалану, шығармашылық пен сапалы контент түсіруге арналған ашық сабақта оқушылар теориялық және практикалық дағдылармен танысты.

Эмоционалдық интеллектке негізделген сабақ тақырыбында оқушылар таспа түсіру, әлеуметтік бейнероликтің форматы, идея мен сценарий құру бойынша тәжірибе алды.

Сондай-ақ, ашық сабақта оқушылар Adobe premiere PRO бағдарламасының интерфейсі, таспаны өңдеуге арналған бағдарламаның ерекшеліктері жөнінде тың ақпараттарға қанық болды.

-Бүгінгі сабақта мен «Эмоциялар кетеді, зардабы қалады» бейнеролигінің монтаждалуына қатысты техникалық, шығармашылық шешімдерді талдауды үйрендім. Әсіресе музыка, бейнелеуші құралдардың қызметінің қандай болатыны маған те қызық болды, - деді ашық сабаққа қатысқан «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Серік Өткелбай.