Жаңалықтар
Би бәйгесі мәресіне жетті
24 ақпан 2025 09:06
Dancing stars. Осындай атаумен Атыраудағы NIS-те қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби даму апталығы аясында сыныптар арасында би сайысы өтті.
Ұлттық, классикалық және заманауи бағыттарды қамтыған бишілер конкурсына оқушылар үлкен жауапкершілікпен келіп, намысты қолдан бермей, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Көрерменге лық толы мектеп акт залында тамаша көңіл күй сезіліп тұрды. Шығармашылық пен талғамды қажет еткен сайысқа қазылар алқасы дауыс беріп, үздіктерді анықтады.
Dancing stars қорытындысы бойынша 3 орынға 9А мен 9С сыныбының оқушылары табан тіресе, 2 орынға 9D сыныбы табан тіреді. Жүлделі 1 орынға 7G мен 8D сыныбы лайық болса, байқаудың бас жүлдесі 9B сыныбына бұйырды.